Шымкентте 7431 түлекке соңғы қоңырау соғылды

363
Шымкентте 7431 түлекке соңғы қоңырау соғылды

Шымкентте 7431 түлекке соңғы қоңырау соғылды. №1 мектеп-гимназиясын бітірушілерді ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов құттықтады. Айта кету керек, бұл мектептің бітірушілері бірнеше жылдан бері ҰБТ-да үздік нәтиже көрсетіп келеді.

Шымкентте 7431 түлекке соңғы қоңырау соғылды

Облыс әкімі оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Ел болашағы жастар қолында деген аймақ басшысы бүгінде сапалы және замануи білім алуға барлық жағдай жасалғанын атап өтті. 2016 жылы 6 білім беру ошағы пайдалануға берілді, ал биыл қосымша 3 ғимарат пен 5 жаңа ғимарат ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Шымкентте 7431 түлекке соңғы қоңырау соғылды

Айта кетейік, биыл Шымкентте 5230 түлек ҰБТ-да бақ сынап көрмек. Бұл – жалпы бітірушілердің 70,3 пайызы. Жансейіт Түймебаев түлектерге қорытынды аттестация мен ҰБТ-да жақсы нәтиже көрсетуді тіледі.