Шымкентте аула тазалап, шөп ору жұмыстары басталды

820
Шымкентте аула тазалап, шөп ору жұмыстары басталды

Шымкентте аулаларды тазалау жұмыстары басталды. Шілде кірмей көпқабатты үй аулаларындағы қаптаған шөпті орып үлгеру қажет. Қазіргі таңда Абай ауданы бойынша осы науқанға екі мекеме жұмылдырылды. Бұдан бөлек аула ішіндегі қоқысты тазалау үшін 5 серіктестік өз міндеттерін орындауға кірісіп кетіпті.

Шымкентте аула тазалап, шөп ору жұмыстары басталды

Көктемнің жауын-шашынды болуы, одан қалса, мемлекеттік сатып алу конкурсының кеш өтуі тазалықа жауапты мамандардың жұмысын тежеді. Соған қарамастан Шымкенттегі Абай ауданы бойынша 5 мердігер аула сыпырып, 2 мекеме шөп шауып, бюджеттен бөлінген 246 млн теңгені игеруге барын салып жатыр.

Шымкентте аула тазалап, шөп ору жұмыстары басталды

«Спецавтотранспорт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бүгінгі жоспары – Республика даңғылы бойындағы 5 үйдің ауласын қоқыстан тазарту. Қолдарына сыпырғы ұстаған 20 жұмысшы жүгіріп жүр. Еңбеккерлердің тұрғындарға айтар өтініштері жалғыз – өздері тұратын аулаларын ластамаса дейді.

Шымкентте аула тазалап, шөп ору жұмыстары басталды

Жоспарлы жұмыстардан бөлек тұрғындардан келіп түскен тапсырыстарды да орындау осы мекемелерге жүктеліпті. Айтуларынша фронт-офис, яғни, халық кеңсесі арқылы күн сайын 10-15 өтініш келіп түседі. Бүгіннің өзінде тұрғындардан ағаш бұтау мен шөп оруға қатысты 10 арыз түсіпті. Күн соңына дейін ол тілектер орындалып, арызданушыға жауап берілетін болады.

Нұрлан Күдерұлы