Қала аумағында шөп ору науқаны басталды

558

Коммуналшылар қала аумағындағы шөптерді орып, демалыс орындары мен көше бойын ретке келтіруде.

Алдағы ай жауын-шашынды болғандықтан шөп бітік шықты. Аптап ыстықта қурап, абайсыздан тастаған темекіден от шығып кету қауіпін алдын алуда. Бір жағынан – өсіп кеткен шөпті уақтылы орып тұрса, жап жасыл болып шаһарға көрік береді. Ә. Молдағұлова көшесінде жұмыс аяқталған бойда, коммуналды сала қызметкерлері Ә. Жанкелдин, Т. Айбергенов көшелеріне өтеді.

Шынар Оразова