Қырғы базардағы ретсіз сауда жойылмай тұр

417
Қырғы базардағы ретсіз сауда жойылмай тұр

Шымкенттегі қырғы базардың маңы қайта былыққа батып, ретсіз сауданың ордасына айналды. Осы базар маңын ретке келтіру үшін Әл Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері кезекті рет рейдке шықты. Дегенмен, жабайы сауданы жою қиын секілді. Себебі, полицейлер мен шенеуніктердің саудагерлермен күрестері нәтижесіз екенін бүгін тағы да көрініп қалды.

Қырғы базардағы ретсіз сауда жойылмай тұр

Қымбат темір тұлпарды тізгіндеген азамат — осы базар аумағына жауапты учаскелік полицей. Көше бойын сауда қатарына айналдырғандар полиция капитанын жақсы танитын секілді. Ал жауапты маман заң бұзғандарға осы уақытқа дейін бар болғаны 20 ғана хаттама түзіп, айыппұл салыпты.

Мұндағы саудагерлер де әккілікті әбден үйренген секілді. Кездейсоқ тексеру бола қалса айтар жауаптары да даяр.

Қырғы базардағы ретсіз сауда жойылмай тұр

Естеріңізге салар болсақ, Шымшаһарды Лас-Вегасқа айналдыруға уәде берген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың өзі келіп, осы қырғы базардағы былықты бір күнде тазартып кеткен еді. Және жауаптыларға мұнда абаттандыру жұмысын жүргізуге тапсырмасын да бергені есімізде.

Өкініштісі сол, қала әкімінің бұл тапсырмасын орындаған жауаптылар жоқ. Орындалмақ түгілі заң бұзушылық өрши түскен секілді. Ал мемлекеттік қызметшілердің «А» корпусынан әкім болып келген Бауыржан Қалжановтың ауданды басқарғанына биыл төрт жыл толды. Айдың соңында ауданды басқарған мерзімде атқарған жұмыстарын қорытындылайтын уақыт жақындады. Ал осы уақыт аралағында аудандағы ретсіз сауданы жоюда ілгерілеу байқалмағаны өкінішті.

Нұрлан Күдерұлы