«Қазақтелеком» қызметкерлері марапатталды

428

28 маусым – байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні. Осыған орай «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының облыстық дирекциясының ұжымы кәсіби мерекелерін тойлауды бүгіннен-ақ бастап кетті. Мейрам қарсаңында мекеменің үздік қызметкерлері арнайы марапатталды.

Мереке қарсаңында мерейі үстем болған қызметкерлердің қуанышы ұжымға ортақ. Дирекцияның заңды тұлғаларға қызмет көрсету орталығының жетекші маманы Мұрат Жұмабековке облыс әкімінің граммотасы тапсырылды. Еңбектегі жемістері мен облыстың өркендеуіне қосқан үлесі ескерілген қызметкердің қуанышында шек жоқ.

"Қазақтелеком" қызметкерлері марапатталды

Мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтауды мәслихат депуттатары да ұмыт қалдырмапты. Бұл марапат жетекші инженер Есіркеп Бәкіровке табыс етілді. Үздік қызметкерді құттықтау үшін цехтың ұжымы түгел жиналыпты.

Бүгінде «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының облыстық дирекциясында 1500 адам қызмет етеді. 177 мың абонетті қамтып отырған мекеме жыл сайын қызмет көрсету аясын да кеңейтіп келеді. Енді күні ертең байланыс саласының мамандары кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Мақпал Рысбаева