Мемлекеттік қызметші күнінде Оңтүстікте бірқатар азамат марапатталды

553
Мемлекеттік қызметші күнінде Оңтүстікте бірқатар азамат марапатталды

Оңтүстік Қазақстанда 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Қазақстан халқы ассамблеясының ғимаратында өткен кеште облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, еліміздің өсіп, өркендеу жолында толағай табыстар тіледі.

Мемлекеттік қызметші күнінде Оңтүстікте бірқатар азамат марапатталды

Мемлекеттік қызметші күнінде Оңтүстікте бірқатар азамат марапатталды

– Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқару жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі, алға жылжып дамуы мүмкін емес. Қазіргі қоғамның талаптарына сай билікке деген сенім де мемлекеттік қызметшіге қарап қалыптасады. Облысмыздың қарқынды дамуы Сіздердің кәсіби шеберліктеріңізге, тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен ерік-жiгерлеріңізге тікелей байланысты. Сіздерді тағы да кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!, – деді Ж.Түймебаев.

Мемлекеттік қызметші күнінде Оңтүстікте бірқатар азамат марапатталды

Салтанатты жиында мемлекеттік қызмет саласында көп жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, өз лауазымдық міндеттерін мүлтіксіз орындаған, жұмыс барысында қол жеткізген табыстары мен жоғарғы көрсеткіштері үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілер әкімнің қолынан «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісі мен Оңтүстік Қазақстан облысының «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің грамотасы және алғыс хатын алды.

Мемлекеттік қызметші күнінде Оңтүстікте бірқатар азамат марапатталды

 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайласқа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының алғыс хатымен, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының грамотасымен жалпы саны 30 азамат марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар үздік мемлекеттік қызметшілерге Түркияда іс-тәжірибе алмасу үшін арнайы сертификаттар табысталды.

Мемлекеттік қызметші күнінде Оңтүстікте бірқатар азамат марапатталды

Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, кәсіби мереке иелеріне құрмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметші күнінде Оңтүстікте бірқатар азамат марапатталды

Мемлекеттік қызметші күнінде Оңтүстікте бірқатар азамат марапатталды

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Самат Мырзалиев