ОҚО мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды

662
ОҚО мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды. Облыс әкімінің өкімімен бұл лауазымды енді Ерғали Білісбеков атқарады.

Ерғали Дәулетбекұлы – 1961 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы экономист, құрылысшы. Еңбек жолын 1978 жылы Шымкент қаласындағы «Казгалантерейторг» базасында жұмысшы болып бастаған.

1990-2008 жылдары «Гелиоинвест» КӨ директорының орынбасары, «Ақ Ниет» брокерлік фирмасының директоры, «Азия-Экспорт» ЖШС атқарушы директоры, «Береке» ЖШС директоры,   «Каз НТЕВ» ЖШС-нің Бас директоры болып қызмет еткен.

Одан кейінгі жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің ұйымдастыру жұмыстары және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.

2014 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазаұстан тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің ОҚО бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып еңбек етіп келген.