Оңтүстіктегі прокурордың үстінен қозғалған іс қайта жалғасты

436
Оңтүстіктегі прокурордың үстінен қозғалған іс қайта жалғасты

Оңтүстіктегі прокурордың үстінен қозғалған іс қайта жалғасты. Облыстық соттың әкімшілік істері жөніндегі аппеляциялық алқасында Шымкент қалалық мамандандырылған сотының спиртті ішімдік ішіп, көлік жүргізіп, жол ережесін сақтамаған облыстық прокуратураның аға прокуроры Нұржан Полатовқа қатысты қаулысы заңсыз деп танылды.

Алғашқы сот сатысында аталған іске қатысты әкімшілік хаттамалар заңсыз деп танылған болатын.

– Мамыр айының 5-інен 6-сына қараған түні, сағат 00:30 шамасында бағдаршамның тыйым салынған қызыл түсінен өтіп кеткен Тойота Камри автокөлігі тоқтатылған. «Алтын сарай» тойханасына жетпей, Бәйдібек би көшесінде аталған көлікті жол-патрульді полициясы тоқтатқан,- деп бастады сөзін аппеляциялық сот отырысында Абай аудандық прокуратурасының прокуроры Фарида Сүгір. – Шымкент қалалық жол-патрульді полиция полкінің 3-полк қызметкерлері Нұрғалым Бекман мен Барлыбаев, Данияр Мейірханның (Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы – ред.) айтуынша, Тойота Камри көлігінің тізгінінде болған Полатов Нұржанды медициналық куәландырудан өткізу нәтижесінде жеңіл масаю дәрежесімен, Қазақстан Республикасы әкімшілік кодексінің 599-бабының 1-бөлігімен және 608-бабының 1-бөлігімен екі хаттама түзілген. Хаттаманы Н. Бекманов толтырған. Хаттаманы толтырған кезде Полатов өз кінәсін мойындаған, әкімшілік айыппұлды төлеуге дайын болған. Кейіннен Полатов хаттаманы толтырумен келіспейтінін жаза отырып, автокөлікті өзінің басқармағаны туралы сілтеме жасамаған. Бұл да көлікті өзінің басқарғанына жанама дәлел бола алады. Сот өз қаулысында әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасымен дәлелденген дәйектемелерді жоққа шығарған. Қазақстан Республикасы әкімшілік кодексінің 840-бабының 1 және 2-тармақшаларына сай, судьяның әкімшілік-құқық бұзушылық іс туралы қаулыда жазылған істің нақты мән-жайлары түйіндемелердің шағымды наразылық қарау кезіндегі зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуі, сондай-ақ, әкімшілік жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулының күшін жоюға негіз бола алады.

Оңтүстіктегі прокурордың үстінен қозғалған іс қайта жалғасты

Шымкент қалалық әкімшілік істер жөнінегі мамандандырылған сотының 2 маусымдағы шешіміне Абай аудандық прокуратурасының келтірілген наразылығы осыған саяды. Хаттаманың процессуалдық рәсімделуінің заңдылығына қатысты сот процесінде айыпталушы тараптың қорғаушысының да сұрағы көп болды.

Оқиға орын алған кезінде хаттаманы толтырған полиция аға сержанты Нұрғалым Бекмановқа да, жергілікті полиция қызметінің жетекшісі Данияр Мейірханға да айыпталушы тараптың адвокаты Карибжан Ражиметовтың да сұрақтары көп болды. Хаттаманың түпнұсқасында хаттаманы толтыру кезінде көрсетілген айыптармен Н.Полатовтың келіспейтіні туралы қол қойғанын айтты.

Оңтүстіктегі прокурордың үстінен қозғалған іс қайта жалғасты

«Сағат түнгі 00:30 шамасында болған оқиғаға қатысты хаттама не себептен үш сағаттан аса уақыт өткен соң барып толтырылды? Көлікті тоқтатқан полиция аға лейтенанты Ержан Нұрбатұлы Ахинов пен жергілікті полиция қызметінің жетекшісі Мейірхан Даниярға үш сағат бойы хаттама толтыруға не кедергі болды?!» деді адвокат Карибжан Ражметов.

Тараптар толық тыңдалды. Прокурор Нұржан Полатовтың өзі белгілі себептермен сот алқасына қатысқан жоқ. Сонымен, сот қаулысы да оқылды.

Абай аудандық прокуратурасының Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік істер жөніндегі сотының 2 маусымдағы осы іске қатысты шешіміне келтірілген наразылығы қанағаттандырылды. Бұл іске қатысты алғашқы сот сатысында тергеп-тексеру әлі де жалғасып жатыр дейді жауаптылар.

Гүлмира Қыдырбаев, облыстық соттың судьясы: «Бүгінгі аппеляциялық сот отырысында Полатовтың кінәлі не кінәсіздігі туралы мәселе қаралған жоқ. Процесуалдық хаттама толтырудың заңдылығы қаралды. Істі қарау барысында баға беріледі. Сондықтан, бірінші сатылы соттың шағымды қарау барысында хаттаманың процессуалдық жағына мән беріп қаралып, шешім шығару керек еді. Істі тоқтатпау керек еді. Себебі іс қазір бірінші сатылы сотта қаралу барысында».

Жанар Есенбекова