«Ортеке» халықаралық фестивалінің жеңімпаздары анықталды

398

Үш күнге ұласқан қуыршақ театрларының «Ортеке» халықаралық фестивалі мәресіне жетті. Сонымен, биыл 5-ші рет қолға алынған өнер бәсекесінде Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының қуыршақ труппасы «Көрермендер көзайымы» аталымын иемденді. «Ұлттық дәстүрлерді сақтағаны үшін» номинациясын Түркияның Бурса қаласынан келген «Қарагөз» театры алды.

Бішкектен келген Мұса Жанғазиев атындағы Қырғыз мемлекеттік қуыршақ театры да құр алақан қалған жоқ. «Тырнаның қанаты» қойылымымен «Спектакльдің бірегей сахналық шешімі үшін» номинациясымен марапатталды. Ақтаудың үімт-аманатын арқалап келген маңғыстаулық қуыршақ театрына облыс әкімінің арнайы жүлдесі бұйырды. Ал бас жүлдені «Шапан» атты спектаклді сахналаған «Алақай» Ақтөбе облыстық қуыршақ театры жеңіп алды. Айта өтейік, мәдени шара бұл жолы халықаралық «Түркісой» ұйымының 10 жылдық мерейтойы мен халықаралық «Ехро-2017» көрмесінің құрметіне арналған.