Шымкент әкімі мұнай базасындағы өртті сөндіргендерде алғыс жариялады

470
Шымкент әкімі мұнай базасындағы өртті сөндіргендерде алғыс жариялады

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мұнай базасынан шыққан өртті сөндіруге атсалысқан барша азаматтарға алғыс жариялады.

ОҚО ТЖД барлық құрамына және Шымкент қалалық ТЖ басқармасының жеке құрамына мұнай базасындағы резервуардан шыққан өртті сөндірудегі шұғыл әрі нақты әрекеттері үшін алғыс білдіремін.

Шымкент әкімі мұнай базасындағы өртті сөндіргендерде алғыс жариялады

Өрт сөндіруде жұмыла әрекет еткен және штабты дұрыс ұйымдастырған Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы, азаматтық қорғаныс ісінің полковнигі Дербісов Нұрболат Бекболатұлы және Шымкент қалалық төтенше жағдай басқармасының бастығы, азаматтық қорғаныс ісінің подполковнигі Жақсыбаев Мадияр Есенгелдіұлының жұмысын ерекше атап өткім келеді.

Шымкенттің барлық коммуналды қызметіне арнайы алғыс айтамын.

Тек сіздердің жұмыла әрекет етулеріңіздің нәтижесінде ғана қайғылы жағдайдың салдары болмады. Сіздер өртті күрделі жағдайда сөндірдіңіздер – екпіні қатты желден қызыл жалын кез келген сәтте сол маңдағы басқа резервуарларға өтіп кетуі мүмкін еді.

Сіздерге Шымкенттің барша тұрғындары атынан алғыс айтамын.

Шымкент қаласының әкімі
Ғ. Әбдірахымов