Шымкент жедел жәрдем ауруханасының ұжымы төл мерекелерін атап өтті

574
Шымкент жедел жәрдем ауруханасының ұжымы төл мерекелерін атап өтті

Дәрігерлердің төл мерекесін Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының ұжымы да атап өтті. Бұл іс-шарада осында еңбек ететін мамандар құрметке бөленді. Олардың қатарында мекеменің бас дәрігерінен бастап орынбасарлары, дәрігерлер, мейірбике, тазалықшыларға дейін марапатқа ие болды.

Шымкент жедел жәрдем ауруханасының ұжымы төл мерекелерін атап өтті

Айта кетейік, жедел жәрдем ауруханасы қызметкерлерінің біліктілігі жоғары. Олар – әсіресе трансплантациялық ота жасауды өңірде алғаш болып қолға алған орталықтардың бірі.

Медицина саласының маманы, анығырақ айтсақ, талай жанның өміріне араша болған хирург, дәрігер Сәбит Байбосынов. Ақ халатты абзал жан күніне 30-ға тарта науқасқа қарап, қажет болған кезде ота да жасайды. Маманның күнделікті жұмысы қарбалас өрбігенмен, әр жанның саулығы үшін барымызды саламыз дейді.