Алты ел арасында Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасы үздік танылды

622
Мәди Бигалиев

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы бизнес-рейтинг ұлттық одағының (Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Ресей, Украина) анықтауы бойынша үздік деп танылды. Сонымен қатар еліміздің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі және сапалы медициналық көмек көрсеткені үшін «Медицина мақтанышы» деген құрметті атаққа ие болды.

Мәди Бигалиев

Біздің дәрігерлер үлкен жетістіктерге жетті, өздерін нағыз маман ретінде дәлелдеді, халықаралық деңгейде жұмыс істей алатындарын көрсете білді. Қазақстанда аймақтар арасында алғаш рет Оңтүстік Қазақстан облысының дәрігерлері бүйрек және бауыр ауыстыру операцияларын сәтті жасады. Нәтижесінде медицина саласында табысты болып, іскерлік байланыстарын арттырды.

Сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы рейтингтің қорытындысы бойынша жедел жәрдем ауруханасына ұлттық сертификат пен «Гиппократтың ұлы ізі» медалі берілді.

Ал осы аурухананың бас дәрігері Мәди Хожаұлы Биғалиев «Медицина саласындағы үлесі үшін» орденімен, дәрігер реаниматолог-анестезиолог Оңалбай Нарманов «Сезімтал жүрек» медалімен марапатталды. Бірнеше дәрігерге «2015 жылдың мамандары» деген ұлттық сертификат табыс етілді.

ОҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі