Шымкентте аспаздарға арналған семинар өтті

538
Шымкентте аспаздарға арналған семинар өтті

«Тағам және талғам». Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында осындай тақырыпта семинар өткізілді. Халық арасында қалыс қалып бара жатқан тағамдарды насихаттау семинарына қаламыздағы 20-дан астам түрлі тойхана, мейрамхан, дәмханаларының бас аспаздары қатысты. Мұндағы мақсат – ұлттық тағам түрлерін қайта жаңғырту дейді ұйымдастырушылар.

Шымкентте аспаздарға арналған семинар өтті

Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан ас-ауқатын еске түсіру семинарының мақсаты – ұлттық тағамдарымызды дәмханалардың ас мәзірінен көру. Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының қызметкерлері осы мақсатта біраз еңбектенген. Олар келушілері көп мейрамханаларға 3 мезгіл тамақ пен сусындардың дайын мәзірін ұсынуда.

Шымкентте аспаздарға арналған семинар өтті

Ежелден қазақ халқы жиі тұтынған тағам түрлері жиналғандардың назарын аудармай қойған жоқ. Өйткені мамандар тек тағам түрімен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар оларды заманауи нақышта жасалу жолдарына дейін тәтпіштеп түсіндірді.

Семинарға қатысқан дәмханалардың өкілдері тарапынан да қызығушылық көп болды. Олар өздерін қызықтырған тағам түрлеріне байланысты сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Енді бұл тағамдар дәмханалардың ас мәзірінен табылып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.

Жанерке Хұмар