Шымкентте сығымдау жұмыстары жалғасуда

451
Шымкентте қысқа дайындық басталды

Шымкентте алдағы жылу маусымына дайындық жалғасуда. Еңбекші ауданындағы көпқабатты үйлерді жылыту маусымына дайындау жұмыстары қарқын алған. Бұл аудандағы 630 үйдің 527-і орталық жылу жүйесі қосылған. Бүгінгі таңда олардың жартысы коммуналды мекемелермен келісім-шарт түзген дейді әкімдік мамандары.

Еңбекші ауданындағы көпқабатты үйлерді жылыту маусымына дайындау жұмыстары қарқын алған. 630 үйдің 527-і орталық жылу жүйесі қосылған. Бүгінгі таңда олардың жартысы коммуналды мекемелермен келісім-шарт түзген. Мысалы, 17-шағынаудандағы 11 үйдің тұрғындары қаладағы 9 коммуналды мекеменің бірі – «Теплокомсервиспен» келісім-шартқа тұрған. Былтырдан бері осы мекеменің қызметіне жүгінген тұтынушылар алдағы жылу беру маусымында еш күрделік туындамайтынына сенімді.

№11 үйде сығымдау жұмыстарын жүргізіп жатқан серіктестік былтыр бұл үйде жертөледегі 4 ысырманы алмастырса, бұл жолы тозығы жеткен жүйедегі бөлшектерді жаңалайды. Былтыр 47 көпқабатты үйдің тұрғындарымен келісім-шарт түзген серіктестік келешекте бұл көрсеткішті еселемек.

Алайда жылу маусымына алдын ала қамданбай, қыста қиындықтарға тап болатын үйлер де жеткілікті дейді жауаптылар.

Пернебек Айтжанов, Еңбекші ауданы әкімдігінің бас маманы: «Кешке әр пәтерге кіріп, ертең жиналыс болады деп айтамыз, ешкім шықпайды. Тұрғындарды коммуналшылармен келісім-шарт түзуге шақырамын.»

Айта кететін жайт, «Теплокомсервис» мекемесі көрсеткен қызметі үшін ақыны көтермейді. Жылу жүйесі мен тазалық шаралары үшін ақы былтырдағыдай 650 теңге төңірегінде. Төлемдер мерзімінде өтелсе, коммуналшылар мойнына алған міндеттерді орындауға дайын.