Пәтерлеріндегі мардымсыз жылуға тұрғындар кінәлі

298

Жылуға жарымай отырған Шымкент қаласының Нәзір Төреқұлов көшесіндегі 216 «а» үйдің тұрғындары пәтерлеріндегі батарейлердің жылымай отырғанына өздері кінәлі. Еңбекші аудандық әкімдігінің бөлім бастығы Александр Малаховтың мәлімдеуінше,аудандағы 503 көпқабатты үйдің 405-і жылуберушілермен, 200-інің тұрғындары «Су ресурстары-Маркетинг» мекемесімен жер төлелеріндегі жылу және су жүйелеріне қызмет көрсету жөнінде келісім түзген.

Ал 216 «а» үйдің тұрғындары барлық қызмет түрінен бас тартқан.Сығымдау жұмыстарын олар қыркүйек айында өз қаржысына жасаған.»Тұрғын үй қатынастары» заңынының 35 бабы 2 тармағына сәйкес келісім түзбеген азаматтар өз мүліктерін өздері жөндейді. Ал жылуберушілердің ұйғарымы бойынша бұл үйде тек жер төледегі ғана емес, пәтерлердегі тіреуіш құбырлар алмастырылуы тиіс екен.