Шымкентте жылу қосылмаған үйлер бар

215
Жертөле

Шымкентте әлі күнге дейін жылуға қосылмаған тұрғын үйлер бар. Қазір 335 көп қабатты баспана тұрғындары бүрсең қағып отыр. Қала әкімінің шаһарды жылытуға қатысты өкімінен кейін 346 бюджеттік мекеме мен 1433 көп қабатты тұрғын үйге жылу берілген.

Жертөле

Сала мамандарының мәлімдеуінше, бүрсең қаққан жұртшылықтың мұндай жағдайда қалуына олардың өздері кінәлі көрінеді. Өйткені ішкі жылу жүйелерінің дайындығын өздері пысықтауы керек болатын. Жалпы қаладағы 1768 көп қабатты тұрғын үй толығымен 6 қарашада жылуға қосылады.