ОҚО әкімі Мақтааралдағы аяқ киім цехының жұмысымен танысты

692
ОҚО әкімі Мақтааралдағы аяқ киім цехының жұмысымен танысты

Оңтүстік Қазақстандағы Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері аяқ киім өндірісінде түркиялық технологияны тиімді пайдаланып отыр. Заманауи құрал-жабдық өнім көлемін арттырып, жұмыс күшін азайтуға сеп болуда дейді мамандар. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Мырзашөл өңіріне барған сапарында осынау өндіріс орнының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Жақында ғана іске қосылған Түркиядан алынған бұл жабдық фабрика өнімін 2 есе арттырып отыр. Жылына мұнда 1 млн жұп жаздық және қыстық аяқ киім шығарылуда. Өндіріс орны импорт орнын басып, Қазақстан нарығын қамтып жатыр дейді кәсіпкерлер.

ОҚО әкімі Мақтааралдағы аяқ киім цехының жұмысымен танысты

Айта кетейік, жобаның жалпы құны 675 миллион теңгені құрайды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 100 миллион теңге несие алынған. Жобаның бірінші желісі осыдан үш жыл бұрын, ал соңғы желі биыл сәуір айында іске қосылды дейді фабрика өкілдері. Кәсіпорын қазір 50 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Шеберлер аяқ киімге қажетті шикізатты шетелдерден алып жатқанын айтады. Болашақта аяқ киімге тігетін материалдың елімізде өндірілетініне де сенім артады. Сонда тауарлар бағасы әлдеқайда арзандай түсер еді дейді бизнес өкілдері.

Мақпал Рысбаева