Green Bus компаниясы төл мерекелерін атап өтті

342
Green Bus компаниясы төл мерекелерін атап өтті

Өткен жексенбіде қоғамдық көлік жүргізушілері өз мейрамдарын атап өтті. Жолаушыларды тасымалдап, діттеген жеріне жеткізетін мамандық иелері жыл сайын тамыз айының бірінші жексенбісінде кәсіби мерекелерін қарсы алады. Бұл мейрамды Шымкенттік «Green Bus» компаниясы да ұмыт қалдырған жоқ. Компания басшылары қарапайым қызметкерлер мен жүргізушілер, таңертең әр жүргізушінің денсаулығын қадағалайтын дәрігерлерді арнайы алғыс хатпен марапаттады.

«Green Bus» компаниясының қала тұрғындары үшін орны ерекше. Бір түсті автобустар, одан бөлек жүргізушілердің арнайы тігілген киімдері – бәрі бірден көзге түседі. Осы мекемеде ашылғалы қызмет етіп келе жатқан Нұралхан мекеме басшыларына өз рахметін айтуда. Мұнда жұмыс істеуге жағдай жасалған дейді.

Нұралхан Жамалов, жүргізуші: «Бұл салада ашылғалы қызмет етемін. Компания өзінің заманға сай автобустарымен лайықты. Халыққа қызмет көрсету жағынан да мықты. Әріптестерімді жүргізушілер күндерімен құттықтаймын. Әріптестерімнің денсаулықтары зор болсын!»

Green Bus компаниясы төл мерекелерін атап өтті

Бұдан бөлек компания басшылығы өз ардагер қызметкерлерін құттықтауды ұмытқан жоқ. Солардың бірі – қырық жылдық тәжірибесі бар Нармет Оразов арнайы төс белгімен марапатталды.

Green Bus компаниясы төл мерекелерін атап өтті

Нармет Оразов, ардагер жүргізуші: «Бұл компанияда жұмыс істеп жатқаныма 1 жыл болды. Қырық жылдық тәжірибемдегі ең жақсы көретін жұмыс орным дей аламын. Әріптестерімді мейрамдарымен құттықтағым келеді. Әрқашан бағдаршамның жасыл түсі жансын!»

Еске салайық, «Green Bus» компаниясы Шымкенттегі жұмысын 2015 жылдың ақпан айында бастады. Ең алғашқы автобустар бес бағытта жүріп, алпыс автобус өз жұмысына кіріскен еді. Компания басшылығы қазір Қазақстан бойынша ірі тасымалдау компанияларының бірі екенін мақтанышпен айтады.

Green Bus компаниясы төл мерекелерін атап өтті

Бақытжан Ырысбаев, «Green Bus» компаниясының Алматы филиалы директорының орынбасары: «Негізі қазіргі күнге Қазақстан бойынша жолаушыларды тасымалдайтын ең үлкен компания болып саналады. Жалпы, бізде істеп жатқан екі мыңнан астам жүргізуші бар. Әкімшілік персоналмен санаған кезде 2,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді бізде.»

«Green Bus» компаниясы бүгінде Шымкент қаласы бойынша жолаушылар тасымалдау жағынан бірінші орында. Ашылғалы қала тұрғындарына мүлтіксіз қызмет етіп келеді. Ал бұл күнгі мерекеде еңбегі еленген жүргізушілер арнайы алғыс хатпен марапатталып, мекеме басшылары тарапынан сыйлықтар табыс етілді.

Әсем Жалғасхан