Көпірден секіріп өз-өзін өлтірмек болды

406
Суицид

Шымкентте 22 жастағы азамат көпірден секіріп, өмірімен қош айтыспақ болған.

Жас жігіт өзін Ордабасыдағы көпірден лақтырып жіберген. Ауыр жарақат алған азаматты жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға жеткізді. Оған дәрігерлер ота жасап, өмірін әрең аман алып қалды. Екі күн бойы жан сақтау бөлімінде жатқан жігіт бүгін реанимациядан палатаға ауыстырылды. Бұл оқиға он алтыншы тамыз күні күндіз сағат үштер шамасында орын алған.

Абзал Жаппарбергенов, дәрігер-хирург: «16 тамыз күні жедел- жәрдеммен 1995 жылғы азамат түсті. Жарақаты ауыр. Алғашқы күні ота жасадық. Қабырғалары сынғандықтан, жүріп кетуі қиын. Жағдайы ауыр болғандықтан, әлі бақылауымызда болады».

Өз-өзіне қол жұмсаған азаматтың жағдайы жақсарғанмен, бірнеше жері сынып кеткен. Ол өздігінен жүріп тұра алмайды. Дәрігерлер суицидке бармақшы болған жігітті әлі он күндей бақылауда ұстамақ,