Шымкентте жаңа бағдаршамдар орнатылуда

382
Шымкентте жаңа бағдаршамдар орнатылуда

Шымкентте көше қиылыстарында бағдаршам орнату жұмысы жалғасуда. Жыл соңына дейін 12 бағдаршам орнатылмақ. Солардың 12-сі жақын күндері іске қосылады. Қазіргі таңда орнату-қосу жұмыстары аяқталып қалды.

Қала тұрғындары жаңа бағдаршамдардың үнемі сары түсі жанып тұратынын байқапты. Ал қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары мұның тұрғындардың жаңа бағдаршамдарға үйренуі үшін қажет екенін айтады. Біраз уақыт өткен соң құралдар кәдімгі тәртіпте жұмыс істей бастайды. Сонымен, жаңа бағдаршамдар ортанылатын қиылыстар экранда жазылған.