Шымкентте жыл сайын оқушылар саны көбеюде

408
Шымкентте 7 мектеп пен балабақша ашылды

Шымкентте үш ауысымда білім беретін мектептердің санын азайту үшін биыл тағы 3 білім ордасы салынды. Ескі 2 мектептің ғимараты бұзылып, орнына жаңасы бой көтеруде. Шымкет қалалық білім бөлімінің мамандары арнамыздың тілшісімен осындай ақпараттымен бөлісті. Тағы 3 мектептің ғимараты кеңейтіліп жатыр. Дегенмен, тоқмейілсуге болмайды. Шаһарға тағы 20 мектеп қажет. Себебі, жүргізілген мониторингке сәйкес, жыл сайын мектеп оқушыларының саны қаламызда 11 мыңға артып отырады екен.

Шымкенттік білім ошақтары жаңа оқу жылына сақадай сай тұр дейді мамандар. Айтуларынша, Игілік, Қайнарбұлақ және Сәуле шағынаудандарында жаңа мектептер бой көтерді. Ал Достықтағы білім ошағы мен №97 ескі мектептің орнына жаңа ғимарат салынуда. Тағы 3 мектептің кеңейтіліп жатыр. Осылайша мамандар үш ауысымда білім беретін 8 мектептің санын екеуге қысқарттық деп қуанып отыр.

Бұдан бөлек 3 мектепте күрделі, 118 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. 31 мектептің ауласы қоршауға аланса, 19-ында спорт алаңшасы ашылды. Осылайша жауаптылар Шымкентте алғаш рет жөндеу жұмыстары түгелдей жергілікті бюджет есебінен атқарылды деп отыр.

Тағы бір айта кетерлігі, шаһарда 17 мектеп әлі күнге дейін қатты отынмен, 3 білім ошағы сүйық отынмен жылытылады. Дегенмен, бүгінгі таңда барлық мектеп жылыту маусымына дайын. Осылайша оқушылар қыста жаурамайды деп сендірді жауаптылар.

Айжан Ермекқызы