Қанат Исламның Брэндон Кукке қарсы жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

256

«Осы күздің басты спорттық оқиғаларының бірі – Кәсіпқой бокс кешінің өтуіне санаулы күндер қалды», – деп хабарлайды Ұлттық арна. Шара 9-қыркүйекте «Астана EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылады.

Отандасымыз Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук бірінші орта салмақтағы WBA Inter-Continental және WBO-NABO нұсқалары бойынша чемпиондық атақты сарапқа салады. Сондай-ақ, айтулы додада Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Әли Ахмедов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов және Руслан Жанабаев сынды саңлақтарымыз шаршы алаңға шығып, жарыс көрігін қыздырады.

Отандастарымыз әлемнің беделді боксшыларымен күш сынасады. «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді.

«Qazaqstan» ҰТА – 19:55 LIVE

«Qazsport» телеарнасы – 17:50 LIVE