Оңтүстік кәсіпорындары 8 айда 510 млрд теңгенің өнімін шығарды

277
Оңтүстік кәсіпорындары 8 айда 510 млрд теңгенің өнімін шығарды

Оңтүстіктің кәсіпорындары 2017 жылдың 8 айында 510 млрд теңгенің өнімін шығарыпты. Әсіресе, азық-түлік өндіру көлемі мен химиялық өнеркәсіп тауарларын шығаруда, өңдеу өнеркәсібінде өсу байқалады.

Бұл туралы облыстық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт мәлімдеді.

Ал өңірдің негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 266 млрд теңгені құрапты. Жыл соңына дейін оны 420 млрд-қа жеткізу көзделген.

Облыс басшылығы бұл жоспарды бірнеше елдердің өкілдерімен жасалған келісімдер негізінде іске асырмақ ниетте. Десек те, биыл іске аспай қалуы мүмкін жобалар да бар. Олардың бірі – Арабтар қызығушылық танытқан Түлкібас ауданында ашылады деп жоспарланған құс фабрикасы.