Оңтүстікте тауда жоғалған туристің денесі табылды

533
Оңтүстікте тауда жоғалған туристің денесі табылды

Оңтүстік Қазақстан облысының тауында жоғалған турис, өкінішке қарай, қаза болған. 26 жастағы жігіттің денесі 25 қазан күні жартастан табылыпты. Құтқару жасағының қызметкерлері оның денесін альпинистік жабдықтармен төменге түсірген.

Еске салайық, 20 қазан күні бір топ жас жігіт тауға демалысқа шыққан. Олар төмен түсіп бара жатқанда 1991 жылы туған жігіт топтан қалып қояды.

Оңтүстікте тауда жоғалған туристің денесі табылды

Төтенше жағдай департаментінің кезекшілеріне жас жігіттің тауға кеткеннен оралмағаны туралы хабар 22 қазан күндіз сағат 14:00-де түскен. Тез арада құтқару жасағының 20 қызметкері мен төрт техникасы және жергілікті тұрғындардан 50 адам іздеуге шыққан еді. Дегенмен, бір тәулік асса да тауда адасып кеткен азамат бірден табылмаған болатын.

Айта кетейік, бұл – 2017 жылдың басынан бергі таулы аймақтарда алтыншы рет адам жоғалу оқиғасы. Бұған дейінгі оқиғалардың барлығында құтқарушылар адасқан 17 адамды тапқан. Олардың бесеуі – балалар.