Шымкентте темір-бетон зауыты ашылды

869
Шымкентте темір-бетон өнімдерінің зауыты ашылды

Шымкентте темір-бетон өнімдерін шығаратын зауыт ашылды. Оның қуаттылығы жылына 300 мың тонна ыстық асфальт, 450 мың тонна бетонды құрайды. Бұл туралы БАҚ өкілдері мен блогерлерге пресс-тур барысында жоба жетекшісі Әсет Қайыпбеков мәлімдеді.

Шымкентте темір-бетон өнімдерінің зауыты ашылды

Нысанның құрылысы 2015 жылдың желтоқсан айында басталған еді. Түркиялық құрылғылардың көмегімен жұмыс толықтай дерлік автоматтандырылған. Зауыттағы барлық процесті бақылау үшін 5 адам жеткілікті. Кәсіпорын өнімі ішкі нарықта сатылады. Өндірушілердің қазірдің өзінде мемлекеттік сатып алуларға қатысып, құрылыс фирмаларынан тапсырыстар алуда. Өнімнің сапасы зертханаларда тексеріледі. Ондағы мамандар дайын өнімнің беріктігі мен қоюлығын тексереді. Кәсіпкерлердің айтуынша, ең бастысы — өндіріс технологиясы сақталады.

Шымкентте темір-бетон өнімдерінің зауыты ашылды

БАҚ өкілдері бұдан кейін еліміздегі ең ірі жылыжай шаруашылығының бірі — Ордабасы ауданы Бадам ауылында орналасқан «Адель» қожалығына келді. Бұл кешен индустриаландыру картасы аясында соғылған. Алғашында 5 гектар жерге орналасқан жылыжай аумағы қазір 16 гектар жерді құрайды. Мұнда қияр мен қызанақ жылына екі рет пісіп-жетіледі. 2016 жылы мұнда 2 814 003 келі өнім жиналса, 2017 жылдың жарты жылында 2 934 669 келі өнім жиналды.

Шымкентте темір-бетон өнімдерінің зауыты ашылды

Жылыжайда француз компаниясының заманауи қондырғылары орнатылған. Ол жылыжайды жылытудан бастап тамшылатып суаруға дейінгі барлық процесті компьютермен бақылауға мүмкіндік береді.

Шымкентте темір-бетон өнімдерінің зауыты ашылды

Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл көкөністер экологиялық таза. Оларды өсіруде қолданылатын технология су мен тыңайтқыштарды және басқа да ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал жобаның өзі еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Жылыжайдан жиналған өнімнің көп бөлігі Қазақстанның басқа да аймақтары мен Ресейге жіберілуде. Айта кетейік, екі кезеңмен іске асырылған жобаның инвестициялық құны — 5 млрд теңгеге жуық.

Шымкентте темір-бетон өнімдерінің зауыты ашылды

Облыс аумағындағы жылыжайдың жалпы көлемі 900 гектардан асады. Бұл Қазақстандағы жылыжай шаруашылығының шамамен 80 пайызын құрайды.

Шымкентте темір-бетон өнімдерінің зауыты ашылды