Мадина Нұршаева Азия чемпионы атанды

820
Мадина Нұршаева

Бокстан Вьетнамда әйелдер арасында Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан әйелдер құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға ие болды. Қоржынға түскен алтын жүлдені 64 келі салмақ дәрежесінде Мадина Нұршаева еншіледі.

Азия чемпионын ОҚО Бокс федерациясы, туысқандары, достары және «Отырар TV» телеарнасының ұжымы әуежайдан күтіп алды. Оркестермен сүймелдеу, тәттіден шашу да ұмыт қалмады. Мадина — Балғабай Елшиев басқаратын ОҚО жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы. Қазақстанның және халықаралық турнирлердің чемпионы. Білікті бапкер Ш. Сафиуллиннің шәкірті. Алдағы мақсаты әлем чемпионы атану. Мадинаның бокста бағы жана берсін деген тілегімізді білдіреміз!