Оңтүстікте дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті

861
Оңтүстікте дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті

Бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында этно-мәдени бірлестіктердің қатысуымен дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті. Өткен жылдары қазақтың ұлттың тағамы ет асудан шеберліктерін танытқан этнос өкілдері биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау білдіріп, қазақтың ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарын дайындаудан өзара сайысқа түсті.

Оңтүстікте дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті

Оңтүстікте дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті

Фестиваль аясында төңкерме, жөргем, жоңқа, көмбе, үлпершек, бұқпа, қарын бөртпе, мипалау, қазан жаппа, құрт көже сынды қазақтың ұлттық тағамдарын дайындаған өңіріміздегі этно-мәдени бірлестіктер әр астың тарихы мен әзірлеу әдіс-тәсілін іс-шара қонақтары мен қазылар алқасына таныстырды.

Оңтүстікте дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті

– Бүгінгі шараны ұйымдастыру арқылы біз өңірдегі барша этностарды қоғамдық бастамаларға ұйыстыру арқылы мемлекет құраушы қазақ халқының маңайына топтастыруды, ұлтымыздың қонақжайлық дәстүрін дәріптеуді, рухани құндылықтарымызды жаңғыртуды көздеп отырмыз,- деді іс-шараның салтанатты ашылуында сөз алған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов.

Оңтүстікте дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті

Байқау барысында ұлтымыздың қонақжайлық дәстүрі де дәріптелді. Тағы бір ерекшелік, әр дастарханда дайындалған тағам атауы латын әріптерімен де жазылған. Бұл да болса рухани жаңғырудың бір көрінісі дейді ұйымдастырушылар.

Оңтүстікте дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті

Оңтүстікте дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті

Белгілі жазушы, облыс əкімі жанындағы «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумының хатшысы Мархабат Байғұт, ОҚО ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әсма Қалыбекова, №6 колледждің жоғары санатты шебері Фарида Тұрғанбайқызы сынды азаматтардан құралған қазылар алқасы ассамблея мүшелері әзірлеген қазақтың ұлттық тағамдарын бағалады.

Оңтүстікте дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге қарын бөртпе тағамын дәмді етіп дайындаған облыстық грузин этно-мәдени бірлестігі лайықты деп табылды. І орынды тәжік этно-мәдени бірлестігі, ІІ орынды кәріс және ұйғыр этно-мәдени бірлестігі иеленді. Ал ІІІ орын облыстық поляк, грек және неміс этно-мәдени бірлестіктеріне бұйырды.

Оңтүстікте дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті

Фестиваль аясында мақал-мәтел айтудан сайысып, асық атудан шеберліктерін көрсеткен этнос өкілдері де марапаттан тыс қалмады. Іс-шараға қатысқан өңір тұрғындары этно-мәдени бірлестіктер жанындағы өнер ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалап, ұлттық тағамдарымыздан дәм татты.