Демалыс күні төрт адам көлік апатынан көз жұмды

208
Демалыс күні төрт адам көлік апатынан көз жұмды

Демалыс күндері ОҚО аумағында 5 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 4 адам қайтыс болды, 3 азамат дене жарақатын алған. Нақты айтқанла 24 желтоқсан күні шамамен сағат 13:40-та Алматы-Ташкент-Термез автожолында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Ауди В4 автокөлігінің жүргізушісі, 1976 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны басқару құралын игере алмай, қоршаумен соқтығысқан. Соның салдарынан Ауди көлігінің 1973 және 1979 жылы туған екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Жүргізуші дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі таңда Бәйдібек ауданының полицейлері қылмысты кодекстің 345-бабымен (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ал полицейлер азаматтарға жол үстінде абай болуға және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.