Рахманқұл Бердібаевқа – 90 жыл

430
Рахманқұл Бердібаевқа - 90 жыл

Белгілі сыншы, әдебиет зерттеуші, филология ғылымдарының докторы Рахманқұл Бердібаевтың 90 жылдығын Оңтүстік тұрғындары елеусіз қалдырған жоқ. Айтулы күнге орай облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Түркітану тұлғасы» атты әдеби кеш өтті.

Жиынға белгілі тұлғаның шәкірттері келіп, жастармен сұқбат құрып, фольклоршының өмірі және ғылымдағы жолы жайлы кеңінен әңгіме қозғады. Сондай-ақ, қаламгердің қазақ халқына сіңірген еңбегі турасында айта келе адамгершілік қасиетіне де ерекше тоқталды. Жиналған жас ұрпақ профессордың еңбектеріндегі көркемдік ерекшеліктеріне қатысты көптеген сұрақ қойды. Осылайша қазақ әдебиетіне жаңа сипат беріп, тарихқа өзгешелік енгізген ғалымның еңбектерін бағалап, туындыларымен етене таныстыру кеші өз деңгейінде өтті.