Әйелдерге көлік жүргізуге тиым салынды

594
Шымкент. Автокөліктер
Шымкент. Автокөліктер

Түрікменстанда әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салынғаны бүгінде әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Бөркінен де, «еркінен» де айырылып қалған ерлер қауымы (әйелдер қауымын кешіріп қойсын!) бұл жаңалыққа шәпкілерін аспанға атып қуануда. «Біздің елімізде де осындай заң қашан қабылданар екен» деп… Алайда «антиконституциялық» мұндай заң елімізде ешқашан қабылданбайтындығы белгілі.

Көшеде көлігі бұзылып қалған әйелдерге көмек көрсетудің орнына «сауап болыпты» деп кекетіп кететін ер-азаматтар дәп осы көлікті «атасынан қалған мал-мүлікін әйелдер тартып алғандай» шеке бастары тырысып қалатыны жасырын емес. Әрі көшеде көлік айдаған әйелді көрсе рульде маймыл кетіп бара жатқандай жақтырмайтындығы тағы анық. Түркімен басшысының бастамасын қос қолдап қолдайтындар бізде де табылады. Дегенмен…

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина өзінің Facebook желісіндегі парақшасында «Менің ойымша, әйелдер көлікті өте ұқыпты жүргізеді, тек бұлардың қатарына көліктерін «көкелері» сатып әпергендерді ғана жатқызуға болмайды», — деп жазды Лукьянина.

«Жол-көлік оқиғаларының статистикасын Бас прокуратураның құқықтық статистика бойынша комитеті жүргізеді, солар нақтырақ айта алады. Одан не шығады? Біріншіден, жол апаты үшін әйелдің де, ер адамның да жауапкершілігі бірдей. Екіншіден, салыстыру үшін абсолюттік цифрлар емес, салыстырмалы керек. Мысалы, еркек-жүргізушілер қанша және олардың қанша пайызы жол апатына түседі, әйелдерде де солай. Бірақ біз бастапқыдан-ақ жүргізушілердің гендерлік белгілері бойынша статистика жүргізген жоқпыз. Жалпы, жүргізушілерді қалай санауға болады? Куәліктердің саны бойынша ма? Біреулердің куәлігі үйіндегі сөреде жатыр емес пе, олардың ешқашан көлігі болмаған, тіпті өмір бойы рульге отырмайтын шығар…» — деп жазды ӘПК баспасөз хатшысы.

Кезінде трактор айдап, ғарышқа да ұшқан әйел-азаматшалар қайта көлік жүргізуде аса ұқыптылықпен қарайтындығы жасырын емес. Сондықтан да мұндай заңның ауылы бізге алыс…