Әкім де, тұрғындар да риза

528

Еңбекші ауданы халқының тұрмысы жылдан жылға жақсарып келеді. Рухани жаңғыруға бет бұрған жергілікті билікке аудан тұрғындары көмектеседі. Әсіресе, тазалық сақшылары көп. Игі бастамаларды жүзеге асыруға үй төрағалары мен төрайымдары атсалысуда. Көмекшілерін аудан әкімдгіндегілер назардан тыс қалдырмай, үнемі мерекелік сый жасайды.

Еңбекші ауданы әкімдігі үшін өткен жыл табысқа толы болды. Аумағы мен халық саны өскен ауданның экономикасы ілгерілеп, тұрмысы да жақсарды. Көп қабатты үйлердің ауласы мен жеке сектордағы көшелерді абаттандыруда үй төрайымдары мен төрағалары білек сыбана жұмысқа кірісіп, ауданды көптеген көрсеткіштер бойынша алға тартты. Аудан басшылығы көмекшілерін ұмыт қалдырмаған. Дәстүр бойынша жаңа жылда олардың басын қосып, құрмет көрсетті.

Шымкенттің төңірегіндегі көрші аудандардан елдімекендер қала аумағына қосылғаны бар. Ендігі кезекте Еңбекші ауданы әкімдігі сол ауылдарға инфрақұрылым тарту арқылы коммуналдық мәселелерін шешуге міндетті. Тұрмысқа қажетті бастамаларды жүзеге асыруға шенеуніктер білек сыбана кіріссе, оларды күтіп ұстау міндетін тұрғылықты халық өз мойнына алуы тиіс.

Мерекелік жиында сөз алған үй төрағалары мен төрайымдары 2018 жылда да белсенді болатындарын жеткізді. «Әрбіріміз өз ауламызда тазалықты сақтасақ, ауданымыз көркейіп Шымкентіміз шырайлана түседі», — дейді белсенділер.

Шынар Оразова