Дәріханаға қарақшылық шабуыл жасаған… өзі екен

619

Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің кезекші бөліміне қаладағы дәріханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Хабарламада дәріханаға беттеріне бетперде киген белгісіз тұлғалар баса-көктеп кіріп, сатушыны пышақпен қорқытып, 700 мың теңгеден астам ақшаны алып кеткен. Кетіп бара жатып сатушының аяқ-қолын скотчпен байлап кеткенін көрсеткен.

Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 192 «Қарақшылық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелді.
Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жоғарыда көрсетілген қарақшылық шабуылдың жалған екенін анықтады. Қазіргі таңда дәріхана қызметкеріне қатысты ҚР ҚК-нің 419-бабы «Көрінеу жалған сөз жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдағы уақытта қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Оңтүстікқазақстандық полицейлер жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу – 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы