Мемлекеттік қызметшілер енді ХҚКО-на бармайды

406

Елбасының биылғы жылғы халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»атты Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру бойынша жаңа міндеттер қойылды.

Бұл тұрғыда облыс әкімі Ж. Түймебаев 9 қарашадағы «Әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия» отырысында барлық мемлекеттік орган басшылары өз қарамағындағы және бағынысты мекемелердегі қызметкерлердің e–gov порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді ХҚКО-на бармай, электронды түрде алуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Осыған сәйкес, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша Департаментіоблыстық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында аудан-қала әкімі аппараты және    облыстық және аумақтық басқарма, құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлері үшін арнайы 3 кезеңде электрондық түрде қызмет алу дағдыларына үйрету бойынша мастер класс өткізді.

Мұнда әрбір қатысушы өзімен бірге әкелген  ЭЦҚ-мен e-gov порталына кіріп, электронды  қызмет алуды практикалық түрде үйреніп, дағдылану жұмыстарын жүргізді. Оқудан өткен азаматтардың барлығы өз аудандарындағы  және мекемелеріндегі әріптестерін электрондық порталмен жұмыс жасауға үйретуге жауапты болады.