Ресейлік дәрігерлер омыртқа ауруларын емдеуге қабылдайды

849

Шымкентте ресейлік дәрігерлер қабылдау жүргізіп жатыр. Санкт Петербордағы «Атлант» медициналық орталығының дәрігерлері швейцариялық әдіспен емдейді. Негізгі омыртқаға зақым келтірмей, бірінші мойын омыртқасының қысылуынан арылту техникасын жүзеге асыруда. Бұл мақсатта мамандар швейцариялық құрал-жабдықтың көмегіне жүгінеді. Сөйтіп, науқастар созылмалы аурудан айығып, денсаулығын қалыпқа келтіре алады.

Еуропада арқа, мойын аурулары мен остехондроз, қан қысымының құбылуы мен бас ауруынан айықтырудың қауіпсіз тәсілін тапты. Зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, адам туылғанда бірінші мойын омыртқасының, атланттың қысылуы орын алады. Егер атлант қысылса, мойын бұлшық еттерінде қан айынлымы бұзылып, бас ауырып, мойын және арқада, буында ауырсынулар мен бас айналуы басталады.

Санкт Петербордағы «Атлант» медициналық орталығының дәрігерлері швейцариялық әдіспен оқып келген. Ресейлік дәрігерлер Қазақстанға бірнеше жылдан бері келіп, медициналық көмек көрсетіп жүр. Қабылдауға ересектермен қатар балалар келеді. Өйткені ем-дом кез келген жаста шипалы. Шымкентте санктпетерборлық дәрігерлер қаңтардың 11-не дейін қабылдайды. Сіз де мына байланыс телефоны арқылы қабылдауға жазыла аласыз: 87788562585