Шымкенттің коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді

458

Бүгін Шымкентте қатты жел соғып, соңы қарға ұласты. Қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді, деп хабарлайды inform.kz. Синоптиктер болжағандай, түнімен секундтына 15-20 текше метрге дейін қатты жел соғып, таңертеңнен бастап қар жауды.

«Қаңтар айында ауа райы шамамен минус 1-10 градус шамасында болады. Бұл оңтүстік үшін орташа температура болып саналады. Дегенмен жылдың алғашқы айында қатты суық болжанып отырған жоқ»,- дейді «Қазгидромет» ОҚОФ иенженер-синоптигі Салтанат Қоныс. Қазіргі уақытта қалада -2 градус шамасында суық болып тұр. Қаланың коммуналдық шаруашылық қызметі көшелерді қардан тазартып, құм мен тұз сеуіп жатыр. Жолда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Мамандардың айтуына қарағанда, суық ауа райы бірнеше күн сақталады