Түркістанда балаларының көз алдында әкесі анасын пышақтап өлтірді

480

2018 жылдың 1-ші қаңтарында ажырасқан әйелін ері перзенттерінің көзінше бауыздап тастаған. Бірінші сыныпта оқитын баласы қанды оқиға кезінде анасының жанында болған. 1981 жылы туған күдікті 1986 жылы туған бұрынғы әйелін қызғаныштан өлтірген деген болжам бар. Әйел оқиға орнында қайтыс болған.

Марқұмның артында кәмелет жасына толмаған үш баласы қалды. Аталған жәйт бойынша ҚР ҚПК нің 99 бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі жұмыстар жүріп жатыр. «Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды. Барлық сараптамалар тағайындалған. Іс барысы облыстық прокуратураның бақылауында болады»,-дейді облыстық прокуратураның басқарма проокуроры Н.Оңғарбаев.