Мекеме қызметкерін тонаған күдіктілер ұсталды

462

Өткен жылдың қараша айында Қазығұрт АІІБ-не хабарлама келіп түскен, онда белгісіз тұлға мекемелердің бірінің автокөлігіне шабуыл жасағаны туралы көрсеткен. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері анықтағанындай бетперде киген белгісіз топ мүшелері автокөлікті тоқтатып, мекеме қызметкеріне күш көрсетіп, шамамен 700 мың теңгесін алып кеткен.

Қазығұрт АІІБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында 4 күдіктіні ұстады. Олар жас шамасы 20-30 жастағы ОҚО-ның тұрғындары болып шықты. Аталған қылмысқа қатысы бар бесінші күдіктіге іздеу жарияланды. Қазығұрт АІІБ-нің полиция қызметкерлерімен күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Қазіргі таңда тонау жайтымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жинақталған құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы