Мектепке орамал тағып келетін оқушылар мен мұғалімдер жергілікті білім ұяларында да бар

983

Мектепке орамал тағып келетін оқушылар мен мұғалімдер жергілікті білім ұяларында да бар. Бұдан былай бірыңғай форманы сақтамайтындарға шара көріледі. Бүгін тілшілер алдында білім саласында енгізіліп отырған жаңа реформаларды баяндап берген өңірдің бас ұстазы осылай деді. Саладағы өзгерістер мен кемшін тұстар сараланған кездесуде оқушылар арасындағы суицид мәселесі де талқыға түсті.

Білім саласын жетілдіруге бағытталған тың өзгерістерді баяндағалы келген Сағындықов мырзаны тілшілер сұрақтың астына алды. Өңірдің бас ұстазы алдымен жаңартылған мазмұн бойынша атқарылып жатқан шараларды шолып шықты. Оқу бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдердің айлықтарына 30 пайыз қосымша ақы төленеді деп қуантты сала басшысы. Мұғалімдер жалақысының жоғарылауына негіз болып отырған бұл жүйеге келгенде көпшілік пікірі екіге жарылады.

Қоғамда қызу талқыланып жатқан орамал мен хиджап мәселесі де көтерілді брифингnе. Сағындықов мырза жергілікті мектептерде бірыңғай форманы сақтамайтын тек оқушылар ғана емес, мұғалімдердің де жеткілікті екенін жасырмады. Ортақ талапты ескере бермейтін ұстаздар Сайрам, Сарыағаш, Мақтарал аудандарында білім беріп жүр.

Өңірдің бас ұстазы жуырда өз өзіне қол жұмсаған шымкенттік шәкіртке қатысты да пікірін білдірді. Оның ойынша, бұл қайғылы оқиғаға сынақтың еш қатысы жоқ.
Күнгей мектептері ҰБТ тестілеуге қазірден бастап қызу дайындалып жатыр. Ақпан айынан бастап басқарма жоғары сынып оқушыларына онтест.кз бағдарламасын іске қосты. Бас ұстаз «бұл жобаға қазынадан бір тиын да жұмсалмады, демеушілер жұмылдырылды», – деп сендірді.