Шымкенттегі Даңқ мемориалы жаңа есімдермен толықты

1057

Ұлы Отан соғысына қатысып, жаумен арпалысқан оңтүстікқазақстандық ардагерлердің есімдері жазылған тақташалардағы тізімдер қайта жаңартылды.

– Бізге осы тізімді жаңарту туралы тапсырма берілді. Барлығы – 29 ардагердің аты-жөні, дегенмен, олар әр ауданның тізіміне қосылуы тиіс. Сондықтан бірнеше тақташаны қайта көтердік. Қазіргі таңда барлық жұмыс аяқталып қалды, ал тақташалар орнына қойылады, – деп түсіндірді қалалық ТҮКШ бөлімінің жетекшісі Нұрлан Бектұрсынов.

Еске салайық, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен оңтүстікқазақстандықтардың тізімін жасауға қатысты ауқымды жұмыс Даңқ мемориалы кешенінің құрылысы басталғанға дейін-ақ атқарылды. Бұл жұмыс бүгінгі таңда да жалғасуда.

Қазіргі таңда майданға біздің облыстан шақырылған 29 ардагердің аты-жөндері анықталған. Енді сол ардагерлердің есімін Даңқ мемориалындағы тақташаға енгізу – батырларға көрсетілген құрметтің бір белгісі.

shymkent.gov.kz