«Спортшылардың ішінде ең көп жарақаттанатындар – футболшылар»

774

«Жаңа күн» бағдарламасының кезекті қонағы спортттық дәрігер Арман Қалжанов:

– Соңғы әлетте спорттың түрлері көбейгеннен кейін де спорттық жарақаттардың түрлері де молайып жатыр. Былтырғы жылы қай спорт түрлері бойынша жарақаттанушылар көбейді?
– Статистика бойынша бізде көбіне футболшыларда жарақат көп болады. Сіңірлердің созылуы, бұлшық еттің езілуі, буындардың ауруы шағымымен көп келеді. Оны арнайы бөлімдерде емдейміз. Физиотерапияға жібереміз. Бір екі аптада қайтадан қалыпқа келеді. Өзге ағзаларына УДЗ жасатамыз, өкінішке қарай буындарды зерттейтін УДЗ құрылғысы жоқ. Басқа мекемелерге жібереміз. Соның қорытындысы бойынша емделеді.
– Жарақат бойынша футболшылардың алдыңғы орынға шығуы неліктен, әлде оларды жаттықтыру өзгеше болып жатыр ма?
– Енді қозғалысы көп, қауіптілігі көп спорт түрі болғандықтан шығар.
Қысқы спорт түрлеріне келер болсақ, осы спорт түрі бойынша жарақаттанатындар көп пе?
– Қысқы спорт түрлері бойынша облысымызда шорт трек, хоккей, фристайл бөлімдері ашылғаны белгілі. Олардың басым бөлігінде негізгі жарақаты сіңірдің созылуы, бұлшық еттердің езілуі сынды шағымдар бойынша келеді. Нерв жүйесі, жүрек қан тамырлары аурулары бойынша да шағымданушылар баршылық. Кейде дұрыс жаттығу жасамаудан да болуы мүмкін.
– Спортшылардың тамақтану ерекшеліктері бар шығар?
– Қарапайым адамды алатын болсақ, үйлестірілген рационалды тамақтанады. Ал спортшылардыкі бөлектеу. Оларда ақуыз көбірек, 0,8 май, төрт бөлігі көмірсу болуы керек. Майды аздау жеу керек, ол спортшыларға онша керек емес. Май қатпары түзілмес үшін. Көбірек көмірсу қажет. Өйткені жаттығу кезінде күш қуат береді. Ақуыз бұлшық еттерді өсіру үшін қажет. Сіңірлердің байланысы жақсы болады.