«Ордабасыға» тыңнан екі футболшы қосылды

228

«Ордабасыға» тыңнан екі футболшы қосылды. Трансферлік кезеңнің соңғы күні шымкенттік команда сапына Милош Трифунович және Кирилл Короткевич келді.

"Ордабасыға" тыңнан екі футболшы қосылды

Сербиялық легионер өткен маусымда австралиялық «Ньюкасл Джетс» құрамында ойнаған. 30 жасар Трифумович 2014 жылдың маусым айынан 2015 жылға дейін атыраулықтардың қатарында доп тепті. Қазақстандық премьер-лигада сынға түскен 1,5 жылдың ішінде ол 41 матч өткізіп, 14 голдың авторы атанды. 2014 жылы Трифумович үздік бомбардирлер қатарын толықтырған.

Ал Кроткевич Сатпаев қаласының «Қазақмыс», «Астана» және «Іле Сәулет» , қызылордалық «Қайсар» және қостанайлық командадағы ойынымен отандастарымызға мәлім.