Студенттер жұмыссыз қалмайды

600

Мардан Сапарбаев атындағы Гуманитарлық Институтының студенттері жұмыссыз қалған емес, қалмайды да. Өйткені білім ошағының қабырғасында жұмыс беруші мен студенттерге арналған кездесулер жиі ұйымдастырылып отырады.

Кезекті басқосу тағы да өтті. Бұл жолы қонаққа жұмыс берушілерден бөлек, жетістікке жетіп, табыс көзін таба білген ханымдар да қатысты.

Маңызы зор іс-шараға «Арулар» әйелдер клубының мүшелері, қалалық іскер әйелдер кеңесінің мүшелері мен жұмыс беруші топ қатысты. Олар өмірлік тәжірибелері арқылы жастарға бағыт көрсетіп, сұраныстағы мамандықтар мен оның қыр-сырын түсіндірді. Институт түлектерінің дипломдары 2017 жылдан бастап еуропалық білім нарығына шығуға мүмкіндік алғанын ескерсек, мұндай жиын студенттерге аса қажет.

Ерлан Оңласынов, ОҚГИ ректоры: «Біздің институт 2017 жылы институционалды арнайы акрредиттеуден сәтті өтті. Енді студенттеріміз алған дипломдарын Еуропалық еңбек нарығында қолдана алады».

М. Сапарбаев атындағы Гуманитарлық институтының акт залы лық толды. Шақырылған қонақтар да дән риза. Жеткен жетістіктерінің сырымен бөлісе келе, жиі бас қосып тұруға ұсыныс білдірді. Ол үшін барлық жағдай жасауға да дайын.

Валентина ВАЩЕНКО: «Қаладағы, жалпы Оңтүстік Қазақстан облысының зиялы, алдыңғы қатарда еңбек ететін әйелдері жетістіктерін, оған жету жолдарын жастарға айтуы керек, көрсетуі керек. Қазір жастар өте білімді, олар нақты өз көздерімен көргенше, құр сөзге сенбейді. Біз алдағы уақытта да серіктес болып, осындай жиындар өткізгіміз келеді. Бұл қаламыздың, еліміздің өркендеуіне септігін тигізеді».

Айкөркем ЛЕСБЕКОВА, М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ студенті: «Мен өз оқу орнымды қатты жақсы көремін, осы жерде оқығаныма қуаныштымын, себебі біздің институт әрқашан бірінші орында».

М. Сапарбаев атындағы Гуманитарлық институты үздік оқу орны екені әлдеқашан дәлелденген. Білім ошағының ұжымының айтуынша, мұның құпиясы студенттермен тығыз жұмыс істеп, олардың бастамаларына қолдау көрсетуде дейді. Институт студенттері пәндік олимпиадаларда бірінші орындарды иеленіп, мемлекетаралық бақылаудан еш сүрінген емес. Одан бөлек республика, тіпті Азия чемпионаттарында олжасыз оралмайды. Институт бүгінде бакалавр бойынша 18 бағытта мамандар даярлайды.