Заңсыз қару алып жүрген күдікті ұсталды

463

Жуырда ОҚО тәртіп сақшыларының жедел-профилактикалық тексеру жүргізу барысында Маятас елдімекенінің маңында «ВАЗ-21213» маркалы автокөлігін тоқтатып, жүргізуші 35 жас шамасындағы азаматты тінту барысында, көлік ішінен 16 калибрлі аңшылық қаруы және 16 калибрлі 47 дана мен оқ-дәрілер анықталып, тәркіленіп алынды. Сот баллистикалық сараптама тағайындалды.

Қазіргі таңда аталған жайт негізінде қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Оңтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері заңсыз қару қолдану ісі еліміздің Заңы бойынша қудаланатынын ескертеді.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы