Жуырда Шымкент қ. ІІБ Абай ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті жердің тұрғыны арызданып, онда күйеуі үйінен шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлаған.
Тергеу барысында полицейлер екі азаматтың спирттік ішімдік ішу барысында араларында жанжал туындап, бір-біріне дене жарақатын салып, нәтижесінде алған дене жарақаттарының салдарынан 46 жас шамасындағы азамат қайтыс болғанын анықтады.
Шымкент қ. ІІБ Абай ПБ-нің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 35 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Күдікті қамауда.
Аталған жайт бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiруден болған өлім бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.