Қайырымдылық шараға деп ақша жинаған алаяқтың ісі сотта қаралуда

602

Әл Фараби аудандық сотында алаяқтыққа қатысты бар деп айыпталып жатқан Эльдар Бақтығалидің ісі қаралуда. Ол облыстық әкімшіліктің өкілі ретінде мемлекеттік және комерциялық ұйымдардың басшыларынан қайырымдылық шараға деп ақша жинаған деп күдіктелуде.

Оның осы әрекетінен өңірге абыройлы 11 азамат зардап шеккен. Сот өкілдері өзге де тұлғаларды тергеп жатыр. Енді айлалыға алданып, 1 жарым млн. теңгені құрбан еткен соңғы куәгер – «Ордабасы» футбол командасының президентінен жауап алу қалды.

Алайда, футбол командасы президентінің қазір іс сапарда болуына байланысты сот отырысы кейінге қалдырылып отыр.

Мақпал Рысбаева