«Агроақпарат» ауқымды саланың жаңалықтарын қамтымақ»

385

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы «Отырар» телеарнасының тілшісі, «Агроақпарат» топтамасының авторы Мақпал Рысбаева:

– Арнамызда ауыл шаруашылығы саласының жаңалықтары көрсетілетін болады. Топтаманың тізгінін өз қолыңа алып отырсың. Жалпы бұл бағдарламада қандай мәселені қамтуды жоспарлап отырсың?
– «Агроақпарат» осы уақытқа дейін эфирге шыққан болатын. Бірақ біраз уақыт арада үзіліс болды. Жаңалықтар топтамасы ретінде шығарылады, бағдарлама емес. Ауыл шаруашылығы саласындағы жаңалықтарымен бөлісіп отырамыз. Қамтитын тақырыптар көп. Ақпараттар ағынын үзбей шығармақпыз. Осы салаға қатысты мемлекеттік бағдарламалар, көмектер, субсидияны қалай алуға болады соның барлығы қамтылатын болады.

(«Жаңа күннің» жалғасын бейнематериалдан тамашалайтын боласыздар)