«Жылу мәселесі басты назарда тұр…»

584

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Жаманкөз:

– Жылу беру маусымы басталды. Осы орайда туындайтын мәселелер аз емес. Мердігер компания арнайы түзілген келісімшарт бойынша жұмыс істейді ме? Басқарманың негізгі қызмет, құзіреті қандай, «Қуатжылуорталығының» ше?
– «Қуатжылуорталық» мекемесі тұрғын үйден элеваторға дейін орталық жүйе бар соған дейін жылу береді. Ары қарай тұрғындар өз есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізуі керек. Кәсіпорын жылу жүйесінен жылуды дұрыстап бермесе онда бідің мекеме жауапты. Үйдің жүйесіне тұрғындар және келісімшартқа отырған мердігер мекеме жауапты.
– Келісімшартта қандай ережелер қарастырылған?
– Келісімшартта бәрі де нақты жазылып тұрады. Егер тұрғындар келіспесе өздерінің ұсыныстарын енгізуі керек. Сонда қызмет көрсетуші мердігер мекеме қол қойған соң соған жауапты болады, орындауы керек.
– Келісімшартты өздерііңіз құнттап, қарап шығасыздар ма?
– Жоқ, бізде ондай құқық жоқ. Тек қана тұрғындардың өздерінің құқы бар, заңмен бекітілген, заңды түрде қорғалады. Қандай да бір келіспеушілік орын алған жағдайда тұрғындар сотқа талап арыз бере алады.
– Жылу келмеген жағдайда кімге хабарласу керек?
– Қалалық қауырт желі нөмірі 53 00 15 хабарласуларына болады.