Екпеден бас тартқан ата-аналарға арналған әлеуметтік-ағартушылық семинары өтті

595

Екпеден бас тартқан ата-аналар балаларының денсаулығы не боларын түсіне бермейді! Оңтүстік қазақстан облысында бүгінде өз ұл-қыздарына екпе жасатудан бас тартқан 1231 ата-ана бар.

Олардың 64 пайызы діни теріс ағымдарға берілген азаматтар. 13 пайыздайы ғаламторда берілген мәліметтерді дұрыс санайды. Тағы жүзден астам ата-ана балаларының денсаулығы төмен екендігін алға тартып, иммундауға қарсы екенін білдіруде.

Олардың бірқатары бүгін Шымкентте ұйымдастырылған «Сау бала – бақытты ана» тақырыбындағы алғашқы медициналық әлеуметтік-ағартушылық семинарға арнайы шақырылды.

Басқосуға Денсаулық сақтау министрлігінің иммунизациялауға жауапты мамандары, иммунолог, инфекционист дәрігерлер, сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының теолог, имамдары да қатысты.

Медицина мамандары мен ата-аналарды оқытуға, түсіндіруге бағытталған жобаның діттегені – ашық диалог арқылы балалардың денсаулығына қатысты мәселелерге тоқталып, жұқпалы ауруларды иммундаудан бас тартудың себептерін түсіндіру, балаларды қорғауға қатысты бір бітімге келу.

Зәуре Оралбаева