Емі жоқ дерт…

525

Бүгін облыстық балалар ауруханасында бас қосқан дәрігерлер сирек кездесетін невралогиялық ауруларды емдеу тәсілін талқылады.

Конференцияға Ресей елінен арнайы мамандар шақырылған. Дәрігерлер «бұлшық еттің дистрафиясы» диагнозы қойылған балаларға ем тағайындау және мемлекеттік қолдау қажеттігін талқылады.

Айта кетейік, мұндай дерттің емі жоқ. Ең сорақысы, ауру жүректен басқа организмдердің барлығын мешелдендіреді. Соңында жүректің өзі аппаратқа тәуелді болады екен. Бұл процестердің барлығы диогноз қойылған сәттен бастап, бес жыл аралығында дамиды.

Сондықтан мамандар бұлшық еттің дистрафиясымен ауыратын балалардың өмір сүру ұзақтығы бес жыл мен жеті жыл аралығында дейді.

Лаура Нақыпқызы