Наурызда қанша күн демаламыз?

577

Биылғы наурыз айы отандастарымызды демалыстың көптігімен қуантып отыр. 8 наурыз әйелдер мерекесіне орай 4 күн демалған жұмыскерлер енді наурыз мерекесінде де 5 үн демалмақ.

Әз Наурыздың құрметіне демалыс күндері 21-нен 25 наурызға дейін жалғасады. Жыл сайынғы дәстүр бойынша қандастарымыз үш күн яғни, 21-23-ші наурызда демалатын. Биылғы берекелі жыл болғандықтан болар 23 наурыз жұмыс аптасының соңғы күні жұмаға сәйкес келіп отыр.

Сол себептен мереке күндеріне сенбі 24 наурыз бен жексенбі 25 наурыз да қосылады. Осылайша қатарынан 5 күн наурыз тойын тойлауға ұласпақ. Биылғы наурыз айы демалыстың көптігімен ерекшеленіп отыр. Ай басынан аяғына дейін 13 күн демалыс сыйлады.